- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Нан табу үшін...
"Нан табу үшін елден кеттім". Ақтаулық рекордшы Ильдар Ягьяев Ұлыбританияда қырыққабат теріп жүр
Стритлифтинг пен стритворкаут бойынша әлем чемпионаттарының жеті медалінің иегері, ақтаулық Ильдар Ягъяев елден кетіп, Англияда қырыққабат теретін фермада қырыққабат теріп, трактор айдап жүр. Ол мұның себебін өңірлік спортқа наразылығымен байланыстырды. Спортшының Қазақстаннан кетіп, шет елде қырыққабат теруіне не түрткі болды? Massaget.kz тілшісі Ильдар Ягъяевпен сұхбаттасты.
"Нан табу үшін елден кеттім".
Спортшы Ұлыбританияға 4 ай бұрын кеткен. Ол қазір ақша табу, отбасын асырау мақсатында елден жырақ жүргенін жасырмады.
"10 жылдан бері стритлифтинг пен стритворкаутпен айналысамын. Қазір де спортпен айналысамын. Ал Англияға ақша табу үшін, отбасымды қамтамасыз ету үшін келдім. Облыстық спорт басқармасы да, қалалық басқарма да осы уақытқа дейін бізді ешқашан құттықтамады, ешқайда шақырмады, назар аударған жоқ. Осы әділетсіздік әбден тойдырды. Отбасыма нан табу үшін елден кеттім. Негізгі себеп - бұл Маңғыстау облыстық спорт басқармасының әділетсіз қарым қатынасы. Отанымда тұрып, пайда әкелгім келді, өкінішке қарай, Англияда қырыққабат жинауға мәжбүрмін", - дейді ол.
"Қырыққабатта жұмыс істеймін"
Ең сорақысы - Қазақстан атын шығарып жүрген Ильдардың шетелде қырыққабат теріп, трактор айдап жүруі. Оның сөзінше, күніне 8-9 сағат жұмыс істейді. Ал тракторшы болып жұмыс істегеніне бір айдай болған.
"Қырыққабатта жұмыс істеймін. Қазір трактор айдаймын. Егістікте жүріп, қырыққабат жинауға да көмектесемін. Біраз ақша таптым. Айына бір миллион бес жүз мың теңгедей табамын. Мұнда кәсіби дағдыларым Қазақстанға қарағанда сұранысқа ие", - дейді ол.
Ильдар шетелде отбасын асырау қамымен егістіктерде жұмыс істеп жүрген отандастары көп екенін айтады.
"Қазақстандықтар егістіктерде көп жұмыс істейді. Олар Қазақстаннан отбасын асырау үшін қашып жатыр. Бәрінде кредит. Тамаққа ақша жетпейді. Адамдар әрең өмір сүріп жүр. Қазақстаннан келген бес баласы бар адамдарды көп кездестірдім", - дейді спортшы.
"Бізге көңіл бөлсе екен"
2022 жылы Ильдар әлеуметтік желіде даулы жазба жариялаған. Оның бұл жазбасы әлеуметтік желі мен БАҚ-та қызу пікірталас тудырды.
"Қазақстанда қашан спортты қажет және қажетсіз деп бөлуді тоқтатады? Неліктен кейбір спортшыларға қызыл кілем жайылып, барлық құрмет көрсетіледі, ал басқаларына ештеңе жоқ. Мен биыл 2 Әлем чемпионатын жеңдім, Гиннестің рекордтар кітабының рекордшысы болдым, Тартыл фестте жеңіске жеттім... Бізге басқалар сияқты қарау үшін тағы нені жеңу керек? Неліктен кейбіреулерді әкімдікке шақырады, салтанатты түрде әуежайда қарсы алады, баннерлерін іліп қояды, сыйақы береді, насихаттайды, ал біреулер мүлдем еленбейді. Бұл қашан тоқтайды? Спортшылар тізімінде жоқ атлеттердің саны көп екенін білемін, бірақ олар чемпионаттарда біздің туымызды көтеріп жүр. Біз көп нәрсе сұрамаймыз, бәріне бірдей көзқарас керек", - деген еді ол 1 жыл бұрын.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Instagram/com
Ильдардың сөзінше, осындай әділетсіздіктерден кейін Қазақстаннан кеткен, тіпті облыстық спорт басқармасы тарапынан қолдау болмайтыны ашық айтылыпты.
"Неге солай? Неге үнемі бір спортшыларды шақырасыздар? Марапаттайсыздар? Мен сияқтыларға ондай жоқ" деп Спорт басқармасына наразылығымды білдірдім. Әлем чемпионатынан бірінші орын алғанда да әуежайдан такси жүргізушісі күтіп алды. "О, Ильдар, әлем чемпионы емессің бе? Неге ешкім күтіп алмайды?" дейді. Қатты көңілім қалды. Осыдан кейін спорт басқармасына нарызылығымды жаздым. Олар "әлеуметтік жазбадан бұл ақпаратты өшір" деді. "Өшірмеймін" дедім. "Онда принципке барып, әдейі сені қолдамаймыз" деді. Осылай болды", - дейді өңірлік спорттан көңілі қалған Ильдар.
"Елге оралғым келеді"
Ильдар Қазақстанға оралғысы, спортты дамытқысы келеді.
"Мұнда енді келсем де фестивальге чемпионат өткізуге шақырылдым және Гиннестің рекордын орнатуға көмектесті. Қайта елге оралғым келеді, өйткені ол жақта Отаным, отбасым, балаларым, достарым бар. Бірақ қазір отбасым үшін ақша табуым керек. Фермадағы жұмысымнан бөлек, залда фитнес тренер болып жұмыс істеймін. Жақында Гиннестің үшінші рекордын орнаттым", - дейді ол.
Еске салайық, бұған дейін боксшы Еркебұлан Шынәлиев Бейжің олимпиадасы кезінде уәде етілген үй берілмегенін айтқаны хабарланған еді.
"Бәрі сөйтіп ойлайды, бәрі сөйтіп сенеді. Телеарналарды шақырды. 2008 жылғы Оңтүстік Қазақстан облысының "Жыл спортшысы" атандым. Үлкен іс-шара өтті. Сөйтіп, екі бөлмелі пәтердің кілтін берді. Бірақ бәрі көзбояушылық десем болады", - деген еді ол.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова