Мына өнімдерден бетіңізге безеу қаптап кетуі мүмкін

Мына өнімдерден бетіңізге безеу қаптап кетуі мүмкін
Фото: pixabay.com

Тері проблемаларына түрлі факторлар әкеледі: күн тәртібін сақтамау, ұйқының жетіспеуі, жиі күйзеліске түсу, нашар экология және т.б. Безеудің қаптап кетуіне ықпал ететін фактордың бірі – дұрыс тамақтанбау. Егер теріңізге жиі әрі көп бөртпе немесе безеу шыға берсе, оған кей нақты азық-түлік себепші болуы мүмкін, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жалпы кей адамдардың терісі безеу пайда болуға бейім келеді. Бұл жерде генетика маңызды рөл атқарады. Алайда тамақтану да маңызды. Себебі тері проблемаларын ынталандыратын азық-түлік бар.

Сүтті өнімдер

Сүтті өнімдер қауіпсіз және пайдалы, бірақ оларды мөлшермен жеу керек. Егер оларды өте көп жесеңіз, безеу қаптап кетуі мүмкін. Себебі сүт өсу гормонының бөлінуіне көмектеседі. Бұл балалар үшін пайдалы, бірақ безеуге бейім ересектердің терісі үшін зиян болуы мүмкін.

Фастфуд

Олар калорияға, трансмайларға және тазартылған көмірсуларға бай. Мұндай тамақтану гормонды жүйе жұмысын бұзатындықтан, тері сұлулығына жағымсыз әсер етуі мүмкін. Сондай-ақ гормонды бұзылыс ағзаның қабынуға қарсы төзімділігін түсіреді.

Тәтті газдалған сусын

Мұндай сусындардағы көп мөлшердегі қант пен хош иістендіргіштер бөртпе қаптап кетуін ынталандырады.

Алкогольді сусындар

Алкоголь ағзадағы эстроген мен тестостерон қатынасын бұзады. Ал кез келген гормонды өзгерістер ең алдымен бет терісіне әсер етеді.

Кофе

Кофеин қанға кортизол шығарылуын ынталандырады. Алайда оның көп болуы бөртпеге әкелуі мүмкін. Сондай-ақ кофе инсулин бөлінуін ынталандырады, ол тері майлылығына әкеледі.

Сүтті шоколад

Мұндай шоколад құрамында май, қант және сүтті протеин көп болғандықтан, бөртпе тудырады.

Нан мен пісірмелер

Құрамында глютені көп ұнды өнімдер иммунитетті және ағзаның қабынуға қарсы тонусын түсіреді. Сондай-ақ нанның құрамындағы крахмал да безеудің пайда болуын ынталандыруы мүмкін.

Спорттық тамақтану

Бұлшықеттерді өсіремін деп тері жайлы ұмытпаңыз. Себебі спорттық тамақтануға арналған ақуыздық қоспалар безеудің пайда болуына әсер етуі мүмкін.

Оқи отырыңыз: Бауыр ауруының айқын 4 белгісі

А. Жапатова