Бауыр ауруының айқын 4 белгісі

Бауыр ауруының айқын 4 белгісі
Фото: ru.freepik.com

Дәрігер Айжан Қалдыбекқызы бауыр ауруының айқын белгілерін атады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Дәрігер бұл жайлы өзінің инстаграм-парақшасында жазды.

Бауырдың ауырғаны сізге білінбейді. Бұл белгілерді байқасаңыз, бауыр мен өтіңіз "бізге көмек керек" деп айқайлап жатыр деп біліңіз:

  1. Терідегі, көздің астындағы ұсақ ісіктер;
  2. Дененің әр жерінде қан тамырлар қызарып көріне бастайды. Бауырдағы қанайналым бұзылғанда қан тамырларға қысым түсіп, тері астындағы капиллярлар кеңейіп, теріде әр жерден қызарып көрінеді;
  3. Ауыздан жағымсыз иістің шығуы. Бауыр жасушалары бүлінгенде уыттарды дұрыс шығара алмай, жағымсыз иіс шығады;
  4. Көздің ағы мен терінің сарғаюы. Бауырдың міндеті - билирубинді өңдеп, ағзадан шығару. Ауру бауыр оған әлі келмей, бұл сары пигмент қанда жиналып тұрып қалады да, тері сарғаяды.

Дәрігер бұл белгілерді байқаған кезде дәрігерге қаралуға кеңес берді.

Оқи отырыңыз: Дәрігерлер бауыр ауруын қоздыратын зиянды әдеттерді атады

А. Жапатова