Жыл сайын қыста Жаңа жылға орай Қазақстанның барлық өңірін безендіру үшін бірнеше миллион көлемінде мемлекеттік бюджеттен қаржы жұмсалады. Жаңажылдық безендіруге тек шырша орнатып, саябақ пен алаңдарды безендіріп қана қоймайды. Сондай-ақ, мұздан жасалған қалашықтар да тұрғызылады. Желіде бұл мәселеге байланысты дау туды. Қазақстандықтар биыл мұз қалашығын орнатпай, соған бөлінген бірнеше миллионды жылусыз қалған тұрғындарға бөлсін деген пікір айтып жатыр. Massaget.kz тілшісі жыл сайын мұздан жасалатын қалашықтарға қанша бөлінетінін анықтады.
2016 жыл
Мемлекеттік сату порталында Шығыс Қазақстан облысындағы Риддерде осындай бір мұз қалашығын орнату үшін 817 857 теңгеге хабарландыру жарияланған. Қостанай облысы Рудныйда мұндай жаңажылдық безендіру үшін 4 409 285 теңге жұмсалған.
2017 жыл
Солтүстік Қазақстан облысында мұз қалашығын салу үшін 1 339 285 теңге, Ақмола облысы Есіл ауданында 948 362 теңге шығын болған. Бір қызығы, Риддерде мұздан жасалған қалашықты салу үшін 875 мың теңге жұмсалса, оның түрлі түсті шаммен жанып тұруы үшін 2 061 607 теңге жұмсалған.
2018 жыл
Риддерде былтырғыдай мұз қалашығын салу үшін 935 714 теңге кетсе, оның жарықтарына 2 205 357 теңге жұмсалған. Петропавлда құрылған мұз қалашықтарын қайта жинау үшін 1 785 714 теңге кеткен. Рудныйда сәулет өнері 8 924 732 теңге тұрса, Ақмола облысы Астрахань ауданында 813 656 теңге, Жақсы ауданында 669 642 теңгеге шыққан. Астанада 3 миллион теңге, Сәтбаевта 2 232 142 теңге, Қашар кентінде 4 464 285 теңге, Астананың Байқоңыр ауданында мұндай мұздан жасалған сәулет өнерін тұрғызу үшін 4 464 285 теңге жұмсалған.
2019 жыл
Мемлекеттік сатып алу порталындағы мәлімет бойынша, Рудныйда жаңажылдық сәулет өнеріне 13 351 976 теңге, Қостанайда 11 607 142 теңге бөлінген.
2020 жыл
Риддерде 2 282 544 теңге жұмсалған. Астанада бұл жылы қардан жасалған қалашықты орнату мен мұзайдынын қалыпқа келтіру үшін алдымен 45 миллион, кейін тіпті 80 миллион бөлінген. Айта кетейік, нақты қанша теңге мұз қалашығын салуға кеткені белгісіз.
2021 жыл
Ал Ақмола облысы Шортанды кентінде осындай қалашық орналастыру үшін мемлекет бюджетінен 5 миллион теңге шығын кеткен. Астанада былтыр сәулет өнерін тұрғызу және мұзайдынын реттеу үшін 46 736 607 теңге бөлінген.
2022 жыл
Cтепногорскіде 9 589 285 теңге, Ақсуда 9 545 мың теңге, Оралда 10 815 178 теңге, Щучинскіде қардан жасалған сарай салғызу үшін 480 мың теңге, Астанада Алматы ауданында қардан жасалған қалашық орнату және мұзайдынын реттеу үшін 44 642 857 теңге мемлекет бюджетінен бөлінген.
Біздің есептеуімізше, 2016 мен 2022 жыл аралығында 6 жыл ішінде мұздан жасалған қалашықтарды салу үшін жалпы 200 миллионға жуық шығын кеткен.
Айта кетейік, есептеу Мемлекеттік сатып алу порталында жарияланған лоттар бойынша жасалды. Кей лоттар саналмай кетуі мүмкін.
Еске салайық, бұған дейін Жазира Байырбекова мен Алтынай Жорабаева жаңа жылды безендіруге жұмсалатын ақшаны жылусыз отырған халыққа жұмсауға шақырған еді. Өнер иелері пікірлерін әлеуметтік желіде жариялады.
Айта кетейік, жаңа жылда бір Алматыны безендіруге 359 миллион 500 мың теңге жоспарланған.
@massaget.kz #екібастұз#қазақстан#әкім#әнші#мұз#қала#рек#казахстан#аким#экибастуз#хочуврек ♬ оригинальный звук - Massaget.kz
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!