Танымал әнші Жаңа жылға бөлінетін қаражатты Екібастұз тұрғындарына аударуды сұрады

Танымал әнші Жаңа жылға бөлінетін қаражатты Екібастұз тұрғындарына аударуды сұрады
Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Әнші Жазира Байырбекова жаңа жылды безендіруге жұмсалатын ақшаны Екібастұз халқына жұмсауға шақырды. Оның бұл үндеуі Instagram-парақшасында жарияланған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Биылғы шыршаларды безендіруге өкіметтен бөлінетін қаржының барлығын Екібастұз қаласындағы тоңып отырған халықтың баспаналарын жылытуға (жөндеуге) жұмсаңыздаршы, өтініш" деп кімнен сұрасақ екен, а?! Халықтың мәселесімен кімдер айналысып жатыр, кім біледі?" - деп жазған әнші Желіде.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Жазира Байрбекова (@zhazira_bairbekova)

Айта кетейік, жаңа жылда бір Алматыны безендіруге де қыруар қаражат бөлінеді. Мәселен, Абай алаңын 61 миллион теңгеге безендіру жоспарланған. Ал мемлекеттік сатып алу порталындағы мәліметке сүйенсек, Алматыға Жаңа жылға 359 миллион 500 мың теңге жоспарланған.

Еске салайық, 27 қарашада түнде, сағат 01:20 шамасында, Екібастұз ЖЭО-да қазандық істен шығып, он минуттан кейін тағы үшеуі тоқтаған болатын. Сол уақыттан бері қалада тұрғындар жылу жоқ екенін айтып, шағымдана бастаған. Қалада төтенше жағдай жарияланды. Төтенше жағдай жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары аяқталғанға дейін күшінде болады. Павлодар облысының прокуратурасы Екібастұздағы төтенше жағдай бойынша қылмыстық іс қозғады.

ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов жұмыс сапарымен Екібастұз қаласына төртінші күні барған еді. Ал 1 желтоқсанда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Әбілқайыр Сқақовты Павлодар облысының әкімі лауазымынан босатты. Сқақовтың орнына Олег Крук Павлодар облысы әкімінің міндетін уақытша атқарушы болып тағайындалды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова