- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Мұрынның бітелуі, қанауы,...
Мұрынның бітелуі, қанауы, ірің ағуы: мұрын қатерлі ісігінің алғашқы белгілері қандай?
Параназальды синустың қатерлі ісігі сирек кездеседі. Көп жағдайда оның себебі белгісіз қалады, белгі кеш дамиды және өмір сүру деңгейі төмен болады. Мұрын қатерлі ісігінің алғашқы белгілері қандай болады?
Мұрын қатерлі ісігі, мұрынға жақын синус эпителийден қалыптасатын, өте жылдам дамитын және ерекше онкологиялық аурудың түрі. Ісік құрылымы мен ағымына байланысты әртүрлі реңкке ие болуы мүмкін.
Мұрын және параназальды синус қатерлі ісігінің дамуына бейім адамдардың санаттары бар. Олар:
- Темекі шегу. Синус қатерлі ісігі темекі шегетіндерде жиі дамиды, өйткені олар денсаулығына үнемі қауіп төндіреді;
- Ұзақ уақыт бойы ұн шаңымен, ағашпен жұмыс істеу. Сондай-ақ, былғары бұйымдарын, тоқыма өнімдерін өндіруге қатысу қатерлі ісіктің дамуына ықпал етеді;
- Радий, изопропил спирті, шаң (хром, никель), аяқ киім, жиһаз, формальдегид, желім жасау үшін қолданылатын еріткіштермен байланыста болу. Бұл мұрын онкологиясына шалдығудың ең көп тараған себебі;
- Созылмалы кезеңде синусит, риниті бар;
- Алкогольді көп ішу;
- Экологиясы қолайсыз, ластанған жерлерде тұрады;
- Папиллома вирусы диагнозы қойылған адам.
Ісіктің алғашқы кезеңінде ешқандай белгі болмайды, белгі мұрынның қатерлі ісігінің түріне байланысты өзгереді, өйткені ол мұрын қуысында, фронтальды, жоғарғы жақ, сфеноидты немесе этмоидты параназальды синуста орналасуы мүмкін.
Ісік дамығанда адамның мұрын және параназальды синус қатерлі ісігіне шалдыққанын көрсететін белгі көп:
- мұрынның үнемі бітеліп тұруы;
- көздің асты мен үстінің ауыруы;
- мұрнның бір жағының бітелуі;
- мұрынның қанауы. Параназальды синус қатерлі ісігінің бұл белгісіне бірден назар аудару керек;
- мұрыннан ірің ағуы. Бұл мұрын қатерлі ісігінің ең қауіпті белгісінің бірі;
- иіс сезу қабілеті төмендейді;
- беттің ауырып, ұюы;
- тістің дірілдеуі;
- таңдай, мұрын, беттің ісуі. Мұрын қатерлі ісігінің бұл белгілері бірден көзге түседі;
- үнемі ағатын көз жасы;
- көру қабілетінің нашарлауы;
- ауызды ашу қиын;
- мойын аймағындағы лимфа түйіндері ұлғаяды.
Мұрын қатерлі ісігінің дамуын алдын алудың ең жақсы жолы - қауіп факторларын барынша азайту. Қауіп туралы хабардар болу, жұмыс жағдайын реттеп, өндірістегі ережелерді сақтау қатерлі ісігінің даму қаупін азайтуға көмектеседі. Сонымен қатар, тұрақты медициналық терсеріс ауруды ерте кезеңде анықтап, оны емдеу оңайырақ болады.
Мұрын қатерлі ісігінің алдын алу:
- созылмалы қабынуды, сондай-ақ мұрыннан пайда болған қатерсіз өсінділерді уақытылы емдеңіз;
- денсаулыққа зиян келтіретін өндірістерде жұмыс істесеңіз, жеке қорғанысты қамтамасыз ететін құралдарды пайдалану;
- зиян барлық әдеттен бас тарту;
- егер сіз синус қатерлі ісігінің белгілерін байқасаңыз, дәрігерге уақытында барыңыз.
Айта кетейік, бұған дейін өкпе қатерлі ісігінің алғашқы белгілері қандай болатыны хабарланған болатын.
Тағы да оқи отырыңыздар: Қандай деформация серпімді деформация деп аталады?
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Б. Жұмаділлә