Суық тиіп, мұрын бітелген кезде білікті мамандардың көмегін алмай, үй жағдайында өзін-өзі емдеумен айналысу түрлі ауыр салдарға әкеп соқтыруы мүмкін. Бұл туралы дәрігер-оториноларинголог Владимир Зайцев айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Царьград-қа" сілтеме жасап.
Оның сөзінше, адамдар тыныс алу жолдарын ашу үшін түрлі әдіс қолданады. Мысалы, кейбіреулер антисептик қолды бактериядан тазалап, өңдейтін болғандықтан көмектеседі деп ойлап, оны мұрнына құятын көрінеді.
Маман мұрынды жуу кезінде арнайы стерильді ерітіндіні қолдану өте маңызды екенін ескертті. Ал мұндай емдік едістерге барлық шөп қайнатпалары жарай бермейді. Мұрын, құлақ және тамақ бір-бірімен тығыз байланыста екенін ұмытпаған жөн, мұрындағы бактерия мен вирус оларға да таралуы мүмкін.
"Құлақ, тамақ және мұрын жүйесінің өзара байланысы мұрын бітелген кезде өзін-өзі емдеудің ең қауіпті тұсы. Егер мұрын бітелу ауруы асқынып, отитке айналса, кейін құлақ аурулары да пайда болу қаупі жоғары", - деп түсіндірді маман.
Айта кетейік, бұған дейін мұрын бітелгенде не істеу керегі хабарланған болатын.
Ең алдымен, тыныс алмас бұрын, мұрныңызды тұзды сумен немесе теңіз суы қосылған спреймен шайып алу керек.
Содан кейін тыныс алу техникасын орындауға кірісіңіз.
Тағы да оқи отырыңыздар: Спейвинг деген не?
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз