Мұрын бітелгенде не істеу керек? Маман жауап берді

Мұрын бітелгенде не істеу керек? Маман жауап берді
Фото: Ашық дереккөз

Мұрын бітелгенде тыныс ашуға арналған спрейлер қымбат тұрады және ол адамды тәуелді етуі мүмкін. Қарапайым тыныс алу техникасы арқылы мұрын бітелумен күресуге болады. Бұл туралы Mirror басылымының әйел денсаулығы жөніндегі сарапшысы айтты, - деп хабарлайды doctorpiter.ru.

"Тыныс алмас бұрын, мұрныңызды тұзды сумен немесе теңіз суы қосылған спреймен шайып алғаныңыз дұрыс", - дейді сарапшы.

Содан кейін тыныс алу техникасын орындауға кірісіңіз.

  • Ыңғайланып отырып алыңыз да аузыңызды жабыңыз.
  • Содан кейін асықпай терең тыныс алыңыз, мұрныңызбен дем алыңыз.
  • Тыныс алғыңыз келмейінше мұрныңызды қысып, басыңызды алға-артқа еңкейтіңіз.
  • Содан кейін дем алыңыз.
  • Арасында үзіліс жасаңыз. Жаттығу кезінде ауызды ашуға болмайды.

Бұл техника бәріне арналмаған

"Жүкті әйелдер мен денсаулығында проблемасы бар науқастарға бұл жаттығуларды істеуге болмайды", - дейді дәрігер.

Сарапшы тыныс алу техникасын ұйықтар алдында істеп көруге кеңес береді.

Мұрын бітелсе не істеуге болмайды?

Бұған дейін дәрігер мұрын бітеліп, тыныс алу қиындағанда миға оттегі жетіспейтінін айтқан. Бұл жағдайда адам басын ауыр сезінеді. 

Мұрын бітелгенде өзін-өзі емдеумен айналыспаған жөн. Әсіресе, мұрынға ыссы нәрсе қойып жылытпаған, ыстық бумен дем алмаған дұрыс. Оның орнына "набулайзермен" ингаляция жасаған тиімді. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек