Президент Қасым-Жомарт Тоқаев экономиканың еркін дамуына мән беру керегін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Алдағы міндеттерді орындау үшін Үкіметке де, әкімдіктерге де тиісті құзырет берілген. Алайда, бұл мүмкіндіктер көп жағдайда дұрыс қолданылмай жатады. Соның кесірінен реформаларды жүзеге асыру қарқыны бәсеңдеп кетті. Мұндайды доғару керек.
Мемлекеттік органдар арасында өзара келісу мен талқылау жұмысы аяқталғанша, кез келген бастаманың негізгі мән-маңызы да өзгеріп кетеді. Бюрократияны тоқтату қажет, бізге нақты нәтиже керек. Үкімет пен әкімдер жұмыс істеу тәсілін түбегейлі өзгертуге тиіс. Жұмыс барысында жүйелі ұстаным болуы қажет. Мәселені жедел шешумен қатар, экономиканың ұзақмерзімді дамуын қамтамасыз ету өте маңызды.
Қазіргі жағдайда экономикамыздың мейлінше еркін дамуына мән беруіміз қажет. Елімізді дамудың жаңа белесіне шығарамыз десек, бұл жұмысты жедел және дәйекті түрде жүргізген жөн. Мен былтырғы Жолдауымда жаңа экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын айқындап бердім. Сондықтан бүгін мен қазіргі экономикалық ахуалға қатысты өзекті мәселелерге тоқталамын", - дейді Президент.
Еске салайық, 5 ақпанда Қазақстан Үкіметі отставкаға кеткен болатын. Қазақстан Республикасы премьер-министрі міндеттерін уақытша атқару Роман Склярға жүктелді.
Қазақстан үкіметін 2 жылдан аса уақыт басқарған Әлихан Смайылов қазақстандықтарға үндеу жасады.
6 ақпанда Олжас Бектенов Қазақстанның жаңа премьер-министрі болып тағайындалды. Бектеновті Amanat фракциясы ұсынды. Пезидент ұсынысты қолдады. Артынша Бектеновтің кандидатурасына депутаттар дауыс берді.
Жаңа премьер-министр Олжас Бектенов мәлімдеме жасады
Осылайша үкіметтің жаңа құрамы жасақталып, бірнеше министр қайтадан тағайындалып, 4 министрлікте басшы өзгерді.
Жаңа премьер Бектенов басқаратын Үкімет құрамы қалай өзгерді?
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз