Жаңа премьер-министр Олжас Бектенов мәлімдеме жасады

Жаңа премьер-министр Олжас Бектенов мәлімдеме жасады
Фото: ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Қазақстан Республикасының жаңа премьер-министрі Олжас Бектенов мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Менің кандидатурамды қолдағандарыңыз үшін шынайы ризашылығымды білдіремін. Өздеріңіз білетіндей, Мемлекет басшысы еліміздің экономикасының әлеуметтік саласын дамытуда бірқатар ауқымды тапсырмалар берді, олар мүлтіксіз орындалады. Ал жаңа экономикалық серпін беріп, шын мәнінде батыл әрі тиімді шаралар қабылдау қажет. Өнеркәсіп, мұнай және басқа да маңызды салалар сияқты салаларға баса назар аударылады.

Отандық өндірісті ынталандыруға бағытталған нақты шараларын да қабылданатын болады. Қазақстанда өндірілетін өнімнің үлесін арттыру қажет, біз офтейк жүйесін толық іске қосамыз. Біздің басты мақсат - ұлттық бизнесті қолдау. Ауыл шаруашылығының әлеуетін дұрыс пайдалану маңызды. Су ресурстары, энергия үнемдеу, көлік-логистикалық желі бойынша белсенді жұмыс істейтін боламыз.

Жасанды интеллект пен жаңа технологияларды қолдануды кеңейту. Заңның үстемдігін қамтамасыз ету шаралары мен халықты толғандыратын басқа да мәселелер үкіметтің үнемі назарында болады. Үкімет еліміздің игілігі үшін жұмыс істейтін болады", - деді Бектенов. 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің жаңарған құрамы туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Ел экономикасының алдында тұрған мақсаттарды іске асыруға қабілеті жетеді деп ойлаймын. Сіздер келісім берген жағдайда Үкіметтің жаңарған құрамы табысымызды сақтай отырып, Қазақстанды сапалы даму жолына шығару үшін бар-күш жігерін салады деп сенемін. Ертең Үкіметтің кеңейтілген жиыны өтеді. Онда жаңа құрамның алдында тұрған маңызды міндеттерге тоқталамын", - дейді Президент. 

Еске салайық, 5 ақпанда Қазақстан Үкіметі отставкаға кеткен болатын. Қазақстан Республикасы премьер-министрі міндеттерін уақытша атқару Роман Склярға жүктелді.

Үкімет мүшелері Үкіметтің жаңа құрамы бекітілгенге дейін өз міндеттерін атқаруды жалғастыра береді. 

Тоқаевтың баспасөз хатшысы Үкімет жаңадан қашан құрылатынын айтты

Президенттің кеңесшісі - баспасөз хатшысы Берік Уәли Премьер-министр мен үкімет мүшелерін тағайындау тәртібі туралы айтты. Оның айтуынша, Конституцияға сәйкес, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Amanat партиясы ұсынған кандидатураны қарайды.

"Мемлекет басшысы ұсынылған кандидатураны мақұлдаған жағдайда, келісім алу үшін оны Парламент Мәжілісінің қарауына енгізеді. Мәжіліс келісім берсе, Президент жаңа Премьер-министрді тағайындайды. Содан кейін Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамын жасақтау процесі басталады", - деді Берік Уәли.

Ол сондай-ақ сәрсенбіде, 7 ақпанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтетінін еске салды. 

Қазақстан үкіметін 2 жылдан аса уақыт басқарған Әлихан Смайылов қазақстандықтарға үндеу жасады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек