АҚШ пен Иран арасындағы келіссөздер әрі қарай қалай шешілетіні белгісіз, осыған байланысты мұнайдың әлемдік бағасы өсіп жатыр. Brent маркалы мұнайдың бағасы қайтадан барреліне 100 доллардан асты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Лондон ICE биржасында Brent маркалы мұнайдың маусымдағы фьючерстерінің құны 5,40 пайызға өсіп, барреліне 103 доллардан асты.
WTI маркалы мұнайдың маусымдағы фьючерстерінің құны 5,64 пайызға өсіп, барреліне 94,73 доллар болды.
Айт кетейік, мұнай бағасы көтерілуіне Таяу Шығыстағы шиеленіс ықпал етіп отыр. Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Иранмен уақытша бітімді ұзарту туралы шешімін жариялаған болатын.
Еске салайық, бұған дейін де мұнай бағасы күрт көтерілді.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!