Дүйсенбідегі сауда-саттық барысында мұнай бағасы шамамен 6 пайызға өсті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Brent маркалы мұнай фьючерстері 5,64 пайызға өсіп, баррелі 95,48 долларға жетті. Америкалық West Texas Intermediate мұнайы 6,87 пайызға қымбаттап, 89,61 доллар болды.
Жұмада Иран Ормуз бұғазы арқылы коммерциялық кемелердің өтуі атысты тоқтату кезеңі аяқталғанға дейін ашық болатынын мәлімдеді, осыдан кейін келісімшарт бағасы 9 пайызға төмендеген еді.
Өткен демалыс күндері АҚШ қоршауды бұзып өтпек болған ирандық жүк кемесін қолға түсірді, ал Иран қарымта әрекетке дайын екенін мәлімдеді. Бұл соғыс қайта басталуы мүмкін деген қауіпті күшейтті.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова