Көпшіліктің майларға деген көзқарасы нашар. Олар оны жеуге қорқады. Себебі зиянды тамақ әдетте майлы тамақпен ұқсастырылады. Алайда майларды мүлдем жемей қоюға болмайды. Рационда майлардың жеткіліксіз болуы ағзаға жағымсыз әсер етуі мүмкін.
Дисбиоз және қабыну
Май мүлдем болмаса немесе ол азайса өт бөліну зардап шегеді, себебі өт бірінші кезекте майлы тамақ жегенде бөлінеді. Оған қоса, өттің өзі оның құрылымына әсер ететін майлы қышқылдардан тұрады. Сондай-ақ өт - ішектегі шартты-патогенді флораны реттейтін негізгі "сауықтырушы" сұйықтық. Ол жетіспеген кезде дисбиоз дамиды: микроағзалар көбейеді, іш кебу және іште жағымсыздық пайда болады. Осылайша, микрофлора және ішектер шырыштысы бұзылады, ол өз кезегінде қабыну процестеріне, иммунитеттің төмендеуіне, макро- және микроэлементтердің жетіспеушілігіне әкеледі.
Жасушаларға құрылыс материалдарының болмауы
Ешгер ағзаға тамақпен бірге май түспесе, онда оған сау жасушалар жасау үшін біртіндеп липидті құрауыштар жетпейді. Нәтижесінде, бірнеше проблема пайда болады:
Дәрумендер жетіспеушілігі
Олардың бір бөлігі майда еритіндер - А, Д, Е және К дәрумендері. Сәйкесінше, майларсыз олар ағзаға түспейді және сіңбейді. Олар не нәрсеге әкеледі? Көру қабілеті, шаш пен тері жағдайы нашарлайды, ағзаның қорғаныш ресурстары төмендейді, энергия азаяды және онкология, остеопороз секілді қауіпті аурулар қаупі артады.
Репродуктивті жүйе проблемалары
Барлық жыныстық гормондар холестерин молекулаларынан, яғни жануар майларынан синтезделеді. Сәйкесінше, оның жетіспеуі репродуктивті қызметтерге әсер етеді.
Артық салмақ қосу
Майлар - энергия көзі. Олар қарынды аштырмай, ағзаның белсенділігін бірнеше сағатқа дейін сақтайды. Сондықтан олар жетіспесе, тамақтанғаннан кейін көп ұзамай қайтадан қарныңыз ашады. Нәтижесінде, көмірсулар жей бастайсыз. Жылдам қарын ашқандықтан адам әдетте тамақ сапасы жайлы ойламайды, сондықтан тәтті, дәмді, зиянды бірдеңе жегенді жөн көреді. Алайда, бір сағаттан соң ағза қайтадан жаңа тіскебасар сұрайды. Соның салдарынан артық салмақ қосып аласыз.
Оқи отырыңыз: Дәрігер пайдалы май қандай өнімдерде болатынын айтты