Дәрігер пайдалы май қандай өнімдерде болатынын айтты

Дәрігер пайдалы май қандай өнімдерде болатынын айтты
Фото: ru.freepik.com

Невролог Ұлжалғас Сманова өзінің инстаграм парақшасында пайдалы майлар қандай тағамдарда болатынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Маман пайдалы майды көптеген тағамдардан алуға болатынын айтты.

"Пайдалы май дегенге сіздер не нанға қосып жейтін, не бауырсақ қосатын май деп ойлайсыздар. Негізі ағзаға қажетті майды басқа тағамдармен де толықтыруға болады", - дейді ол.

Ал кәдімгі сары майды жақсы көретіндер үшін оны таңдауда қажет болатын кеңеспен бөлісті.

"Алдымен құрамына мән береміз. Қосынды көп болмау керек. Кемінде 2 зат. Содан соң майлылығы 82%-дан төмен болмауы керек. Яғни маргарин, арзан май дегендерден бірден бас тартыңыз", - деді дәрігер Сманова.

Дәрігердің айтуынша, ағзаға май міндетті түрде керек. Майсыз ағзаңыз нашарлағанын теріңізден де байқайсыз. Өйткені май теріні нәрлендіреді, күш-қуат береді. Әрине, оны көп қолдануға болмайды. Бірақ малдың майы - нөмірі бірінші пайдалы май.

Егер нан мен май жемейтін, бірақ ағзаға "пайдалы майды қайдан аламын" дейтіндердің қатарында болсаңыз, мына тізімге көз жүгіртіңіз:

- Балық;

- Сұйық май;

- Жаңғақ;

- Ащы шоколад;

- Авокадо.

А. Жапатова