- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Моңғолиядағы митинг: БАҚ...
Моңғолиядағы митинг: БАҚ төрт адам бауыздалғанын хабарлады
Моңғолияда көмірді заңсыз экспорттағандардың атын атауды талап еткен халық Штат үйіне басып кірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Sonin басылымына сілтеме жасап. Алайда бұл ресми хабар емес.
Ақпаратты таратқан моңғолдың sonin.mn сайты сенімсіз дереккөз болып шықты. Сондықтан оқырманымыздан кешірім сұраймыз! Біз әрқашан шынайы ақпарат беру жолын ұстанамыз. Сондықтан расталмаған ақпарат екенін ескертеміз.
Наразы халық Мемлекеттік үйдің қауіпсіздік қызметінің 4 қызметкерін бауыздап тастаған.
Сонымен қатар, ғимаратқа көп адам басып кіргендіктен екі адам қысылып қалған. Олардың жағдайы нашарлап, ауруханаға жеткізілген. Басылым мәліметінше, полиция халықпен дауыс үдеткішпен сөйлесіп, қауіпсіздік мәселесі туралы түсіндірген.
Sonin сайтында таралған ақпараттың скриншоты
Еске салайық, кеше, 5 желтоқсанда Моңғолия астанасында митинг болып, нәтижесінде наразылық білдіргендер үкімет ғимаратына басып кірген болатын. Ұланбатырда көмірге қатысты митингілер өткен. Ал жергілікті БАҚ Моңғолиядан шығарылған көмір мөлшері Қытайға жеткізілгеннен басқаша екенін хабарлаған. Осыған байланысты елде наразылық басталған.
Бұл ретте Қытайда көмір ұрлауға қатысы бар адамдар өлім жазасына кесілгені, ал осы іске қатысты моңғол шенеуніктерінің есімдері жазылған тізім жіберілгені айтылған.
Митингіге шыққандар көмір ұрлауға қатысы бар адамдардың есімдерін айтуды талап етіп отыр. БАҚ мәліметінше, жалпы сомасы 12,9 миллиард доллар болатын көмір ұрланған. Бұл көмір Моңғолиядан ҚХР-ға экспортталуы керек еді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина