Моңғолияда жаппай митинг болып жатыр

Моңғолияда жаппай митинг болып жатыр

Моңғолия астанасында митинг болып, нәтижесінде наразылық білдіргендер үкімет ғимаратына басып кірді, - деп хабарлайды Известия iz.

Басылым мәліметінше, Ұланбатырда 5 желтоқсанда көмірге қатысты митингілер өткен. Ал жергілікті БАҚ Моңғолиядан шығарылған көмір мөлшері Қытайға жеткізілгеннен басқаша екенін хабарлаған. Осыған байланысты елде наразылық басталған.

Бұл ретте Қытайда көмір ұрлауға қатысы бар адамдар өлім жазасына кесілгені, ал осы іске қатысты моңғол шенеуніктерінің есімдері жазылған тізім жіберілгені айтылған.

Митингіге шыққандар көмір ұрлауға қатысы бар адамдардың есімдерін айтуды талап етіп отыр. БАҚ мәліметінше, жалпы сомасы 12,9 миллиард доллар болатын көмір ұрланған. Бұл көмір Моңғолиядан ҚХР-ға экспортталуы керек еді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова