- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Моланы су шайғаннан...
Моланы су шайғаннан кейін жер бетіне шыққан болуы мүмкін: Құлсарыда адам мүрдесі табылды
Құлсары қаласында бір адамның мүрдесі табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Атырау облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, табылған мүрденің тасқын су кезінде жоғалып кеткен, қазір іздестіріліп жатқан әкесі мен баласына қатысы жоқ.
"Тасқын су мәйіттерді де шайып кетіп, Құлсары қаласында мүрде табылды", - деді Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі.
9 сәуірде сағат 12:27-де ТЖД құтқарушылары Құлсары қаласы "Рамазан" дүкені тұсынан ер адамның мүрдесін тауып, полиция қызметкерлеріне тапсырған.
Еске салайық, бұған дейін Құлсарыда жоғалған екі адам әлі іздестіріліп жатқаны хабарланды.
6 сәуірде сағат 17:52-де Жылыой ауданы Құлсары қаласы 4-шағынаудан Автодорожник көшесі Grand Hall мейрамханасының қасында орналасқан су басқан үйін қарауға 1976 жылы туған азамат пен оның 2000 жылы туған ұлы барып, сол уақыттан бері хабарсыз кеткені жөнінде хабарлама түскен.
Хабарлама түскен бойда құтшарушылар мекен-жайға барып, үйдің есігі пенамен бекітілгенін анықтады.
"Бұл шақырту бойынша 6 сәуірде сағат 20:57-де құтқарушылар, 5 қайық, 1 техника (трэкол) жұмылдырылып, тәулік бойы іздеді. Қазір іздестіру жұмыстарына құтқарушылар, 5 жүзу құралы және 1 техника (трэкол) жұмылдырылды. Іздеу жалғасады", - деп жазылған ТЖД хабарламасында.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова