Құлсарыда жоғалған екі адам әлі іздестіріліп жатыр

Құлсарыда жоғалған екі адам әлі іздестіріліп жатыр
Фото: Видеодан кадр

Құлсарыда жоғалған екі адам әлі іздестіріліп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Атырау облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

6 сәуірде сағат 17:52-де Жылыой ауданы Құлсары қаласы 4-шағынаудан Автодорожник көшесі Grand Hall мейрамханасының қасында орналасқан су басқан үйін қарауға 1976 жылы туған азамат пен оның 2000 жылы туған ұлы барып, сол уақыттан бері хабарсыз кеткені жөнінде хабарлама түскен.

Хабарлама түскен бойда құтшарушылар мекен-жайға барып, үйдің есігі пенамен бекітілгенін анықтады.

"Бұл шақырту бойынша 6 сәуірде сағат 20:57-де құтқарушылар, 5 қайық, 1 техника (трэкол) жұмылдырылып, тәулік бойы іздеді. Қазір іздестіру жұмыстарына құтқарушылар, 5 жүзу құралы және 1 техника (трэкол) жұмылдырылды. Іздеу жалғасады", - деп жазылған ТЖД хабарламасында.

Ведомство мәліметінше, Құлсарыда 6 сәуірде су басу салдарынан шақыртулар көп түскен. Жылыой ауданында төтенше жағдай жарияланған уақыттан 7 сәуірге дейін 26 467 тұрғын, оның ішінде 5976 бала эвакуацияланды.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова