- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Министрдің киіктерді бақылаған...
Министрдің киіктерді бақылаған видеосына қатысты күлкілі мемдер тарады
Әлеуметтік желіде экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменованың киіктердің қолға үйрету тәжірибесін қарап тұрған видеосы жарияланды. Видеодан соң желіде түрлі тақырыппен "мемдер" тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Желі қолданушылары бұл мәселелерді қызу талқылады. Олардың ішінде бірнеше тақырыптар бар. Қазақстандағы және Жапониядағы интернет, Мухоряпов және боттар, шекарашылар мен Күдебаев, Ақтөбе және сұйытылған газ, алматылықтар және бос жолдар, шетелге визасыз шыққысы келетін Қазақстан және ЕО елдері мен АҚШ, қазақстандықтар және жеңілдетілген автонесие, әскерге шақыру және қазақстандықтар, жалақы және азық-түлік, коммуналдық қызметтер мен бензин бағасы.
Желі қолданушыларының көпшілігі министрге қарсы пікірлерін білдірді.
"Киік – кең даланың жануары, табиғи қалпын сақтағаны жақсы емес пе?!", "қырғыздармен келісім-шартқа қол қойған осы министр топас", "Зүлфияның кесірінен Қызғылт көлден айырылдық", "эксперименттің басынан аяғына дейін бақылап па екен?!" - деп жазды олар.
Еске салайық, бұған дейін Зүлфия Сүлейменованың Каспий теңізінің тартылуына қатысты пікір білдіргенін жарияланған болатын.
А. Жайыққызы