Экология министрі Зүлфия Сүлейменова Каспий теңізінің тартылуына қатысты пікір білдірді

Экология министрі Зүлфия Сүлейменова Каспий теңізінің тартылуына қатысты пікір білдірді
Фото: lada.kz

Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова Каспий теңізінің тартылуына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Шенеунік журналистердің сауалына орай, теңіздің қазіргі ахуалы өте күрделі екенін атап өтті.

"Дәл қазір әлдебір үміт сыйлағым келмейді. Өйткені, өкінішке қарай, Каспий теңізінің экожүйе ретіндегі қазіргі жағдайы өте күрделі. Бірқатар қысым факторлары бар. Мәселен, Жайық пен Еділді қоса алғанда, өзендер ағысы төмендеп кеткен. Ал Каспий теңізі - жабық су айдыны, өзендерден тұрақты су болмаса, тартылып қалуы мүмкін", - деп түсіндірді министр.

Ол кез келген су айдынын қоректендіріп тұру қажетін алға тартты. Каспийге құятын өзендердің жай-күйі көңіл-көншітпейді, олардағы судың да азаюы, басқа да экологиялық өзгерістер тікелей әсер етеді.

"Бұдан басқа, климаттың өзгеруі. Бұл өзендердің гидрологиялық режимдеріне әсер етеді. Кейінгі бірнеше жылда біз судың тартыла түскенін байқап жатырмыз. Каспий теңізінің қазақстандық бөлігі өте таяз, сондықтан біз сыртқы экзогендік фактор ретінде климаттың өзгеруі мен реттеу қызметінің салдарын бірінші болып көріп отырмыз. Сондықтан теңізде проблема бар", - деді Сүлейменова.

Азамат Қойшығара

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек