Министр Шәріпханов хостелдегі өрт қайдан шыққанына болжам жасады

Министр Шәріпханов хостелдегі өрт қайдан шыққанына болжам жасады
Фото: Massaget.kz

Төтенше жағдай министрі Сырым Шәріпханов Алматыда 13 адамның өмірін қиған хостелдегі өрт қайдан шыққанына қатысты болжам жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Біріншіден, жарық құрылғысы қызып, одан әрі балқуы салдарынан қысқа тұйықталуы мүмкін. Екіншіден, өрттің шығуы. Мысалы, біреу темекі тұқылын немесе сіріңкені лақтырған болуы мүмкін. Міне, осы негізгі себептер", - деді министр Үкіметтің баспасөз орталығында.

Еске салайық, 30 қарашада сағат 5:33-те Алматыдағы Әди Шәріпов көшесіндегі хостелде өрт шығып, салдарынан 13 адам қаза тапқаны хабарланды. Олардың тоғызы - қазақстандық, екеуі - Өзбекстан азаматы, тағы екеуі - ресейлік.

Кейінірек қаза тапқан қазақстандықтардың отбасына 1 миллион теңгеден берілетіні белгілі болды.

1 желтоқсанда өртке байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 292-бабының 3-бөлігі (Абайсызда екі не одан да көп адамның өліміне әкеп соқтырған өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу) бойынша соталды тергеп-тексеру басталды.

Сол күні осы қылмысты жасады деген күдікпен хостелді жалға беруші ұсталды.

Аяз Есен

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Massaget.kz