- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Министр Сәтқалиев АЭС...
Министр Сәтқалиев АЭС не үшін керегін айтты
Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Қазақстанның энергияға тәуелсіздігін қамтамасыз ету үшін АЭС керек екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, атом электр станциясының құрылысы шығатын қуаттарды ауыстыру және Қазақстанның энергияға тәуелсіздігін қамтамасыз ету үшін жалғыз дұрыс шешім саналады. Қазір АЭС-ке балама жоқ.
Атом энергетикасын дамыту үшін бізде барлық қажет жағдай бар екенін атап өткен жөн. Қазақстан өндірілетін табиғи уран көлемі бойынша әлемде бірінші орында және іс жүзінде толық ядролық-отын цикліне ие", - деді Алмасадам Сәтқалиев Үкімет отырысында.
Уақыттың ауысуынан АЭС салуға мәжбүр болатынымыз рас па?
Айта кетейік, 27 маусымда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биыл күзде Қазақстанда АЭС салу туралы референдум өтетінін айтқан еді.
Сонымен қатар Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев елімізде атом электр станциясын салу референдумына қатысты өз ойын айтты. Спикер экономиканы дамыту үшін АЭС керек деген пікірде.
"Экономикамызды дамытудағы қазіргі проблемалардың бірі – электр энергиясының тапшылығымен байланысты. Экономикамызды 2 есе ұлғайтамыз деген жоспар бар. Үкімет біраз өндірісті ашу үшін жұмыс істеп жатыр. Сондықтан электр энергиясының бұдан да көбірек көлемі керек екені анық. Егер энергия көзі болмаса, онда бұл жағдай үлкен проблемаға алып келеді.
Сондықтан цифрлық технологияларды, жасанды интеллектіні, өндірісті дамытуға қосымша энергия керек. Бұл мәселені тұрақты түрде шешудің бірден-бір жолы – Қазақстанда атом электр станциясын салу. Осыған байланысты Президент Қасым-Жомарт Тоқаев күзде референдум болатыны туралы айтты", - деді Мәулен Әшімбаев Сенат кулуарында.
Спикер АЭС салу мәселесінде халықтың пікірі барынша ескерілетінін атап өтті.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
А. Есен