Сотта кәсіпкер Қайрат Боранбаевтың қандай мүлкі тәркіленетіні айтылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Сот отырысында судья Боранбаевтың қандай мүлкі тәркіленетінін айтты.
"Боранбаевтың мүлкін мемлекет кірісіне тәркіленсін: Алматыдағы әл-Фараби даңғылында орналасқан үй-жай мен жер учаскесіне, Халық банкінің шотындағы 1 миллиард 270 миллион 190 мың теңге мөлшеріндегі ақшалай қаражатты, Боранбаевтың Халық банкіндегі екі шотына 2 миллиард 847 миллион 877 мың 603 теңге сомасында орналастырылған ақшалай қаражат, көрсетілген шоттағы қалған сомаға қамауға алуды сақтау керек", - делі судья Назгүл Бапакова.
Еске салайық, бүгін Судья Назгүл Бапақова үкімді Астана қаласының Сарыарқа аудандық сотында оқыған болатын. Сот шешімімен Қайрат Боранбаев 8 жылға сотталды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!