Шешім шықты: Қайрат Боранбаев қанша жылға сотталғаны белгілі болды

Шешім шықты: Қайрат Боранбаев қанша жылға сотталғаны белгілі болды
Фото: Қайрат ФК

Белгілі кәсіпкер Қайрат Боранбаев 8 жылға сотталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Судья Назгүл Бапақова үкімді Астана қаласының Сарыарқа сотында оқыды.

"Қайрат Боранбаев Қылмыстық кодекстің 28-баптың 5-бөлігі, 189-баптың 4-бөлігі 2-тармағы және 218-баптың 3-бөлігі 3-тармағы бойынша кінәлі деп танылсын. Қылмыстық кодекстің 58-бабының 3-бөлігі негізінде Боранбаев пен Нахановқа мүлкі тәркіленіп, өмір бойы мемлекеттік қызметте, судья, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, Ұлттық Банкте және оның ведомстволарында, қаржы қызметін реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органда лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, 8 жыл бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалсын", - деді судья Бапакова.

Еске салайық, 26 желтоқсанда Қаржы мониторингі агенттігі өкілдері Қайрат Боранбаев ісінің жай-жапсарын айтқан болатын.

Қайрат Боранбаевқа қандай айып тағылып отыр?

Ведомство мәліметінше, "АзияГазЧунджа" ЖШС құрылтайшылары Қайрат Боранбаев пен Роман Наханов және Qazaq Gaz АҚ басқарма төрағасының бұрынғы орынбасары Таир Жанұзаққа сұйытылған мұнай газын сатып алу кезінде 14,5 миллиард теңге ұрлау және қылмыстық кірістерді заңдастыру деректері бойынша қылмыстық істі тергеуді аяқтады. Ұлттық компанияға келтірілген залал Qazaq Gaz АҚ шоттарына аудару арқылы толық көлемде өтелді. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина