- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Миллиардер Лакшми Миттал...
Миллиардер Лакшми Миттал шахтадағы апатқа жауап бере ме?
Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев "үндістандық кәсіпкер, миллиардер Лакшми Миттал Қарағанды облысы Костенко шахтасындағы апатқа жауап бере ме?" деген сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның айтуынша, "АрселорМиттал Теміртау" АҚ апаттан кейін 1 миллиард доллар жоғалтқан.
"Дүйсенбідегі баға ұсыныстарында компанияның капитализациясы 5,5 пайызға төмендеді: 21 миллиард доллардан 20 миллиард долларға дейін. Яғни "АрселорМиттал Теміртау" қазір болып жатқан жағдайға байланысты кем дегенде 1 миллиард доллар жоғалтты. Бұл Қазақстандағы қайғылы жағдайға байланысты. Сондықтан егер инвестор жауапты болуы керек деп айтатын болсақ, онда оның экономикалық жауапкершілігі басталды", - деді Қанат Шарлапаев.
Сондай-ақ, министр миллиардер Лакшми Митталды шахтадағы апатқа байланысты жауапқа тарту мәселесіне тоқталды.
"Менің ойымша, біз бұл мәселеге Қазақстан заңнамасынан және халықаралық құқық аясында жауап беруіміз керек. Бұл жағдайда құзыретті органдар бар. Олар бұл мәселені талқылап, тиісті тергеу жүргізеді", - деді ол.
Еске салайық, алдымен бұл шахтада 7 адам қаза тапқаны белгілі болды. Ал екі күн бұрын қаза тапқандар саны 45 адамға жетті. Бүгін Сырым Шәріпханов соңғы кеншінің денесі табылғанын айтты. Сонымен қатар, ауруханада жатқан зардап шеккендердің жағдайы айтылды.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қаралы жағдайдан кейін "АрселорМитталТеміртаумен" ынтымақтастықты тоқтатуды тапсырды.
Аяз Есен
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
С. Бөлек