- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Менімен араласпайды". Мөлдір...
"Менімен араласпайды". Мөлдір Әуелбекованың бұрынғы күйеулерімен қарым-қатынасы қандай?
Танымал әнші Мөлдір Әуелбекова Желідегі парақшасында экс-күйеулерімен қандай қарым-қатынаста екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өнер иесі бұл туралы "Сұрақ-жауап" айдарында жазған.
"Күйеулеріңізбен араласасыз ба?" - деп сұрақ қойған әншінің оқырмандарының бірі.
Әншінің сөзінше, бірінші экс-күйеуімен араласпайды.
"Арыстанмен араласпаймыз. Ол менімен араласпайды десем болады. Екі-үш рет ересек адамдар секілді отырып сөйлесуге шақырғанмын. Әзірге ойлау қабілеті дайын емес секілді. Уақыт өте үлкен адамдардың позициясына өтетініне күмәнім жоқ. Ақшалай кішігірім көмектесіп бастады. Бұл оның жағына +1 пайда.
Қуанышпен отырып ашық сөйлесіп, қызымызға жақсы ата-ана болу мақсатында, "сау қарым-қатынаста" деп шешіп алғанбыз. Жиі жиі қызына келіп тұрады. Қажеттілігін өтеп, көмектесіп тұрады. Респект!
Өз басым қандай жағдай болмасын, екеуін де ұл-қызымның әкелері ретінде сыйлаймын. Тілекші, жанашырмын. Бақытты болсын!", - деп жазған ол.
Айта кетейік, бұған дейін "Екі күйеуім де асыраған жоқ". Мөлдір Әуелбекова ажырасқаннан кейін өз-өзіне қалай келгенін айтқаны хабарланған болатын.
Тағы да оқи отырыңыздар: «Алтын белгіге» үміткерлер емтиханды қалай тапсырады?
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Б. Жұмаділлә