"Екі күйеуім де асыраған жоқ". Мөлдір Әуелбекова ажырасқаннан кейін өз-өзіне қалай келгенін айтты

"Екі күйеуім де асыраған жоқ". Мөлдір Әуелбекова ажырасқаннан кейін өз-өзіне қалай келгенін айтты
Фото: instagram.com/moldir.auyelbekova

Танымал әнші Мөлдір Әуелбекова Желідегі парақшасында ажырасқаннан кейін жағдайының қандай болғанын айтып берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өнер иесі бұл туралы "Сұрақ-жауап" айдарында жазған.

"Ажырасу өте ауыр процесс, сіз қалай өз-өзіңізге келдіңіз?" - деп сұрақ қойған әншінің оқырмандарының бірі.

Ал әншінің сөзінше, ажырасу кезінде әр отбасының қиындығы мен жағдайына қарау керек.

"Менің жағдайым басқаларға қарағанда өзгеше. Менің екі күйеуім де мені асырап, баққан жоқ, яғни мен ақшалай тәуелді болмадым. Сол себепті, күйеуіне тәуелді әйелдерге қарағанда маған күйеусіз әрі қарай да өмір сүріп кету қиын болмады. Оның үстіне мен бірінші күйеуіммен толыққанды бірге тұрмадым. Ол жұмыс бабымен басқа қалада тұрды, мен енеммен басқа қалада тұрдым. Екіншісімен 7 ай ғана тұрдым. Екеуінде де босана сала 20 күннен соң жұмысқа шығып, өз өзіме қолдау болдым. Иә, мен үйде толыққанды декретте отырған әйел болмадым. Сол үшін де, маған ажырасу жеңілірек болды. Мен түбегейлі жұмысқа кірісіп, өзімді тірлікпен аулап, депрессиядан тез шықтым. Оған қоса әрдайым қасымда қолдаушы ата-анам болды. 

Сол үшін әр отбасындағы ажырасу процессіндегі қиындықты, жағдайға байланысты қарау керек", - деп жауап берді әнші.

Айта кетейік, бұған дейін "Ойлап, түнімен ұйықтай алмадым". Мөлдір Әуелбекова ел білмейтін жаңалығын бөліскені хабарланған болатын.

Тағы да оқи отырыңыздар: «Алтын белгіге» үміткерлер емтиханды қалай тапсырады?

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Б. Жұмаділлә