Болат Назарбаевтың бұрынғы тоқалы Динара Әлжан тоқал алуға қатысты пікір білдірді. Бұл туралы ол "Қыздар-ай" бағдарламасында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның сөзінше, бірінші әйелі рұқсат етсе, екінші әйел алуға болады.
"Далада танысып жүргенше, әйелінің рұқсатымен екінші әйел алуға болады деп ойлаймын. Ер-азаматтар бір әйелмен өмір сүріп, басқа әйелге бармауы үшін әйелінің рұқсатымен екінші әйел алуға болады. Мені әйел жандар кінәламасын. Шетелде бірден ажырасып кетеді ғой. Әйеліне байланысты, әйелі рұқсат берсе. Мен рұқсат етемін", - дейді ол.
Айта кетейік, бұған дейін Болат Назарбаевтың тоқалы онымен алғаш кездескен сәтін мәлімдеген еді.
"2016-да ол кісімен таныстық. Келесі күні таңертең 8-де кел деді. Ол кезде жасым 27-де. Маған бірден 15 сотық жерімен 362 шаршы метр үй сыйлады. Осыдан кейін 1 аптадан кейін некемізді қидық", - деген болатын Динара Әлжан Нұрсейіт Жылқышыбайға берген сұхбатында "Уақыт көрсетеді" бағдарламасында.
Еске салайық, бұған дейін Болат Назарбаевтың бұрынғы тоқалы одан алған қымбат сыйлықтарын айтқаны хабарланған болатын.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!