1 млн доллар, 360 ш.м үй, Lexus. Болат Назарбаевтың тоқалы одан алған қымбат сыйлықтарын айтты

1 млн доллар, 360 ш.м үй, Lexus. Болат Назарбаевтың тоқалы одан алған қымбат сыйлықтарын айтты

Болат Назарбаевтың бұрынғы тоқалы, әнші Динара Әлжан бірге болған жылдары алған қымбат сыйлықтары туралы айтып берді. Бұл туралы ол "Уақыт көрсетеді" жобасына берген сұхбатында мәлім етті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Динара Әлжанның айтуынша, ол Болат Назарбаевпен 2016 жылы танысқан. Оны таныстықтың екінші күні-ақ жұмысына шақырып, үй сыйлаған. 

"Бардым. Маған бірден үйімді сыйлады: 15 соттық, 362 шаршы/метр. Сол үйді сыйлағаннан кейін бір аптадан кейін неке құрдық. Содан кейін көзім жетті, мен ондай азаматты бірінші рет көрдім, қазіргі таңға дейін ондай азамат жоқ деп ойлаймын", - дейді әнші.

Әнші өзі ештеңе сұрамағанын, "ол кісі бәрін өзі сыйлағанын" айтты. Оның айтуынша, сол кезде Болат Назарбаев жиһаз және басқа да керек заттарды алу үшін 1 миллион доллар ақша берген. 

"Жақсы көмек жасады. Ол ақшаны алдым да анама үй алып бердім Ақтаудан, ағама көлік алып бердім, жақындарымның барлық кредиттерін жаптым. Достарыма көмектестім", - дейді әнші.

Сондай-ақ, Болат Назарбаев Динара Әлжанға Lexus RX 450 алып берген. 

"Үйіме керек заттардың бәрін сол кісі алып берді. Неке құрғаннан кейін көлігімді алып берді. Ондайды күтпеген едім", - дейді ол.

Бұдан бөлек әнші барлық қажеттілігіне ақшаны Болат Назарбаев бергенін айтады. 

Еске салайық, бұған дейін Болат Назарбаевтың бұрынғы тоқалы есірткіге тәуелділік қалай отбасын бұзғаны туралы айтқанын жазған болатынбыз.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Д. Шәріпхан