"Мен неге жылап отырмын?" Ерекше стильде гендер пати жасаған Жания Джуринская жұртты сүйсінтті

Фото: әлеуметтік желіден алынған кадр

Танымал актриса Жания Джуринская ерекше гендер пати жасап, болашақ балаларының жынысын анықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Желідегі кадрлардан сандықтың ішіне сырға мен асық салынғаны көрінеді. Бұл қыз болса сырға, ұл болса асық болатынын білдірген. Ал кейін сандықтың ішінен асық шығады. 

"Этностильдегі ерекше гендер пати. Құттықтауларыңызды қабылдаймыз. Сені күтеміз, күнім. Қатты жақсы көреміз", - деп жазды актриса.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Джуринская Жания Алихановна (@djurinskaya)

Желі қолданушылары әсерлі көрініске жылы лебіздерін жазған.

"Мен неге жылап отырмын", "Қыз ба, ұл ма, көзім жасқа толып көрмей қалдым", "Керемет, не деген гендер пати. Ескіні жаңартып жатқан жастар. Осындай гендер патилар көп болсын деп тілеймін", "Ең ерекше бірінші гендер пати", - дейді олар.

Еске салайық, бұған дейін де актриса отбасындағы қуанышты жаңалығы туралы айтқан еді.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова