"Күтпедік". Актриса Жания Джуринская отбасындағы қуанышты жаңалығы туралы айтты

"Күтпедік". Актриса Жания Джуринская отбасындағы қуанышты жаңалығы туралы айтты
Фото: instagram.com/djurinskaya

Актриса Жания Джуринская екінші баласына жүкті. Бұл туралы актриса әлеуметтік желідегі парақшасында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Актрисаның сөзінше, оның отбасы үшін бұл күтпеген жаңалық болған. 

"Біздің бақытты отбасымызға +1 адам. Мұндай жаңалықты күтпедік. Бірақ біз сені асыға күтеміз, қызық болатынын жүрегім сезіп тұр", - дейді Жания.  

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Джуринская Жания Алихановна (@djurinskaya)

Айта кетейік, Жания Джуринская 2021 жылы маусымда блогер, шоумен Данияр Хизметовке тұрмысқа шыққан болатын. Бүгінде олардың Софи атты қыздары бар. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

С. Сатыбалдина