- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Мемлекет басшысы Жеңіс...
Мемлекет басшысы Жеңіс күнімен құттықтады
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады, - деп хабарлайды Ақ орданың ресми сайты.
- Сіздерді Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Баршамыз үшін бұл мерекенің маңызы ерекше.
Халқымыз Ұлы жеңіске өлшеусіз үлес қосты. Отандастарымыз майдан даласында ерлікпен шайқасып, олардың жартысынан жуығы елге қайтып оралмады. Жауынгерлеріміздің батырлығы мен қайтпас қайсарлығы Жер бетінде бейбітшілік пен тыныштықты сақтауға мүмкіндік берді.
Тыл еңбеккерлерінің жанкештілігінің арқасында Қазақстан майдан даласына орасан зор көмек көрсетті. Соғыс жылдары елімізге жүздеген зауыттар мен фабрикалар көшірілді. Майданға мыңдаған вагон
киім-кешек пен азық-түлік жіберілді.
Аға буынның теңдессіз ерлігін құрметтеп, зұлмат соғыстың зардаптарын ұмытпау – біздің қастерлі борышымыз.
Барлық ардагерлер мен тыл еңбеккерлеріне зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілеймін!
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!, - деп жазылған құттықтауда.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы "Отан қорғаушылар" ескерткішіне гүл шоғын қойып, бір минуттық үнсіздікпен Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлер рухына тағзым етті.
Құрметті қарауыл ротасы салтанатты сап түзеп жүріп өткеннен кейін, Қасым-Жомарт Тоқаев рәсімге қатысқан соғыс және тыл ардагерлерін мерекемен құттықтады.
О. Сансызбай