Тоқаев президент сайлауының ресми кандидаты болып тіркелді

Тоқаев президент сайлауының ресми кандидаты болып тіркелді

2019 жылғы 9 маусымға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидат ретінде тіркелді.

Президенттікке үміткер Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидаттығына Қазақстанның барлық 17 өңірінен 315 910 азаматтың қолы жиналды, олардың 313 653-і дұрыс деп танылды. Орталық сайлау комиссиясының 2019 жылғы 15 сәуірдегі № 13/237 қаулысымен белгіленген Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидатты қолдау үшін дұрыс қолдардың қажетті саны кемінде 118 140 қолды құрауы керек.

"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 12-бабы 8-тармақшасына, 59-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы қаулы қабылдады: Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде тіркелсін; Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттың куәлігі берілсін; Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы аппаратының бюджетті жоспарлау және атқару бөлімі "Қазақстан Халық жинақ банкі" акционерлік қоғамына арнаулы уақытша шот ашу үшін Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде тіркелгені туралы мәліметтерді ұсынсын; Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы аппаратының бұқаралық ақпарат құралдарымен және қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимыл бөлімі Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде тіркелгені туралы қоса беріліп отырған хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

"Жұмжұма сұлтанды" сөйлеткен ақын
"Жұмжұма сұлтанды" сөйлеткен ақын
2021 жылы саяхаттауға ең қауіпті және қауіпсіз елдер анықталды
2021 жылы саяхаттауға ең қауіпті және қауіпсіз елдер анықталды
Қазақстанда мемлекеттік туды балконға ілуге ресми түрде рұқсат етілді
Қазақстанда мемлекеттік туды балконға ілуге ресми түрде рұқсат етілді
АҚШ-тың жұмбақ аралы Гуам
АҚШ-тың жұмбақ аралы Гуам
АҚШ-та тағы бір жұмбақ монолит табылды
АҚШ-та тағы бір жұмбақ монолит табылды
Эмпатия бала миының дамуына қалай әсер етеді?
Эмпатия бала миының дамуына қалай әсер етеді?