“Меккеге бардым“. Сұлтан Сәрсемәлиев сотта тосын мәлімдеме жасады

“Меккеге бардым“. Сұлтан Сәрсемәлиев сотта тосын мәлімдеме жасады
Фото: Tengrinews.kz

Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында бұрынғы әйелінің туыстарын өлтірді деп айыпталған Сұлтан Сәрсемәлиевке қатысты cот отырысы өтіп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

16 маусымда айыпталушы сотта жауап беріп, қылмыс жасағаннан кейінгі әрекеттері, соның ішінде шетелге қалай шыққанын айтты.

Tengrinews.kz

Іс материалдарына сүйенсек, ол қылмыс жасағаннан кейін бірден тергеуден бой тасалап, Қазақстаннан кетіп қалған.

Оқиғалардан бір ай өткен соң ер адам Түркия арқылы Сауд Арабиясына ұшып кеткен және бұл сапарын тек діни себептермен байланыстырды.

"Меккеге тазару үшін бардым. Қажылық жасайын деп ойладым. Түркиядан кейін, сол айда, 10 қарашада (2025 жыл - еск.) бардым. Жаратқаннан "өтінемін, кешіре гөр" деп тіледім", - деді Сәрсемәлиев сотта берген жауабында.

Айыпталушының айтуынша, қасиетті жерлерде 10 күн болғаннан кейін ол "сабасына түскендей" болып, Қазақстанға оралуды ұйғарған.

"Иә, мен қате жасадым, бірақ олардың да кінәсі бар. Олар біздің өмірімізге үнемі араласып, мені қорлап, намысыма тиетін. Ақбаян екеумізді ажыратып, балаларды тартып алғысы келді", - деді сотта айыпталушы Сұлтан Сәрсемәлиев.

Тергеу нұсқасы бойынша ол құрбандарына 60-қа жуық пышақ жарақатын салған. Мейрамгүл Қарабалинаға 32, Наурыз Мұқанғалиевке 10, Мақсот Қарабалинге 9, Нәсіп Өтешқалиеваға 8 рет пышақ cұққан.

Сотта айыпталушы Сұлтан Сәрсемалиев кінәсін ішінара мойындады.

Атырау облысында жоғалған отбасының ісі

Еске салайық, 2025 жылы 25 желтоқсанда Атырау облысының полициясына бір отбасы жоғалғаны туралы арыз түскен. Туыстарының айтуынша, отбасы қарашадан бері байланысқа шықпаған. Төртеуіне де жоғалып кеткен адамдар ретінде іздеу жарияланды:

  • 66 жастағы Мақсот Қарабалин;
  • 64 жастағы Нәсіп Өтешқалиева;
  • 35 жастағы қыздары Мейрамгүл Қарабалина;
  • 32 жастағы ұлдары Наурыз Мұқанғалиев.

Бұл дерек бойынша соталды тергеп-тексеру басталып, жедел тергеу тобы құрылды.

Атырау облысы ПД

6 қаңтарда ерлі-зайыпты сарайдың ішінен өлі табылды. 8 қаңтарда ерлі-зайыптыны ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтті. Осыдан кейін іс адам өлтіру дерегі бойынша қайта сараланып, марқұмдардың балаларын іздеу жұмыстары жалғасты. Кейін олар да өлі табылды.

Tengrinews.kz

Күдікті туралы

Қылмыс жасады деген күдікпен 29 жастағы ер адамға, яғни осы отбасының бұрынғы күйеу баласына халықаралық іздеу жарияланды. Онымен бірге ерлі-зайыптының кіші қызына да халықаралық іздеу жарияланды. Бұрын ол күдіктімен некеде тұрған.

Күдікті Сұлтан Сәрсемәлиевті іздестіру ісі 8 қаңтарда Атырау облысында тіркелді. Іске бастамашы болған - ІІМ. Бұл істі Атырау облысы Полиция департаменті жүргізді.

qamqor.gov.kz

24 ақпанда ҚР ІІМ Атырау облысындағы қос кісі өлтіру ісі бойынша күдіктіні және марқұмдардың кіші қызын Индонезияда ұстағаны белгілі болды. 

Кейінірек ІІМ баспасөз қызметі күдікті Сұлтан Сәрсемәлиевке қатысты Қылмыстық кодекстің мына баптары бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады:

  • 99-баптың 2-бөлігі 1 және 13-тармақтары - "Екі немесе одан да көп адамды өлтіру";
  • 188-баптың 2-бөлігі - "Алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған ұрлық";
  • 190-бап - "Алаяқтық".

Сот отырысы

2026 жылы 18 мамырда атышулы іс бойынша сот отырысы басталды. Сот отырысы барысында прокурор Мирас Бауыржанов айыптау актісін оқыды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget