- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Мазасыз ойлардан арылуға...
Мазасыз ойлардан арылуға көмектесетін 5 әдіс
Айналада ақпараттың көп болуы адамды шаршатады. Мазасыз ойлар қажетті нәрсеге зейін қоюға кедергі келтіреді. Ендеше, маңызды нәрселерді ғана жинап, мазасыз ойлардан қалай арылуға болады?
Медитация
Медитацияны көп адам діни жоралғы деп ойлайды. Негізі ол – рухани жаттығу. Егер спорт денеңізді шынықтырып, тәртіпке үйретсе, медитация жаныңыздың, рухыңыздың, ойыңыздың тазарып, "шынығуына" көмектеседі.
Медитацияны күніне екі рет жасаған жөн. Оған таңертең және кешке 15-20 минуттай уақыт бөліңіз. Таңғы медитация ойды жинақтап, дене мен сананы қуаттаса, кешке шаршаңқы күйден арылып, артық ойларды жоюға көмектеседі.
Медитация жасау: бастаушыларға 5 кеңес
Тыныс алу жаттығулары
Тыныс алу жаттығулары оттектің келуін арттырады, онымен жасушаларды қанықтырады, ағзаның төзімділігін және жалпы хал-жағдайды жақсартады. Ал сана жағынан қарайтын болса, мұндай жаттығулар күйзеліс сезімінен және мазасыздықтан арылтады. Тыныс алу жаттығуларының ұзақтығын өз жағдайыңызға қарай реттеп отырыңыз. Мысалы, бастапқы кезде аздап басыңыз айналуы мүмкін. Алайда қатты әлсіздік сезінсеңіз, жаттығуды тоқтатыңыз.
Ойларды күнделікке жазу
Күнделік жазуды көпшілік жасөспірімдердің ісі деп ойлайды. Алайда өз ойларыңыз бен сезімдеріңізді қағазға жазуды көптеген психологтар өз тәжірибелерінде қолданады.
Бұл медитацияны алмастыра алатын техника. Ол сананы тазартуға, басыңыздағы үзіліссіз диалог пен ойлар ағынын тоқтатуға көмектеседі. Басыңыздағы артық нәрсені қағазға түсіру арқылы басты және қажетті нәрсеге зейін қоясыз.
Сондай-ақ таңертең күнделік жазу тынышталуға және мазасыздықты азайтуға көмектеседі.
Сол секілді алғыс күнделігін жазуға болады. Ол күні бойы шабытты, позитивті жүруге көмектеседі. Алғыс күнделігі күнделікті өмірде мүмкіндіктерді, жақсылықтарды көруді үйретеді.
Серуендеу
Таза ауа жүйке жүйесіне жағымды әсер етеді. Бастысы, қолыңызға гаджет алмай шығыңыз. Жүру ойларыңызды ысырып тастап, үздіксіз келіп жатқан ақпараттан демалуға мүмкіндік береді. Серуендеу сананы тонуста ұстауға және проблемалардан алаңдауға көмектеседі.
Физикалық жүктемелер
Серуендеу кезінде босаңсу арқылы санаңызды тазартсаңыз, физикалық жүктемелер кезінде басқа процестер іске қосылады. Физикалық жаттығулар өз ойларыңызды бақылай алумен тікелей байланысты екені баяғыда дәлелденіп қойған. Жаттығу кезінде жаттығуларды орындауға барынша зейін қоясыз, ағзаңыздың сезімдерін тыңдайсыз және нәтижесінде физикалық деңгейде ғана емес, сондай-ақ рухани деңгейде де өзіңізді жақсы тани бастайсыз және мазасыз ойлардан арыласыз.
Оқи отырыңыз: Психолог кешікпеуге көмектесетін 4 лайфхак ұсынды
А. Жапатова