- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Майқайыңда сканер көрсеткен...
Майқайыңда сканер көрсеткен аумақтан автобус табылмады
Майқайыңда жер астына құлап кеткен адамдарды іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. Бұған дейін Балқаштан жеткізілген георадар арқылы жер астын сканерлеп, автобустың болжамды орны анықталған еді. Алайда ол жерден автобус емес екі метрлік құбыр сынығы шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Сол себепті құтқарушылар шұңқыр түбінен бірнеше жерді қазуды бастады.
Фото: Massaget.kz / Е.Базарқұл
"Біз кеше шұңқыр ішіне екінші мини эксковаторды түсірдік. Қазір екі техникамен бірнеше жерден қазып жатырмыз. Алдында сканер көрсеткен жерден құбыр шықты. Одан кейін тағы бірнеше рет сканер жасадық. Құрылғы жер астындағы кез келген темірге реакция береді. Сондықтан автобустың нақты жатқан орнын анықтау мүмкін емес" - дейді Павлодар облыстық ТЖД бастығының орынбасары Олег Трещев.
Фото: Massaget.kz / Е.Базарқұл
Бүгін "Майқайыңалтын" кен аумағында автобустың шұңқырға құлап кеткеніне 19 күн.
Фото: Massaget.kz / Е.Базарқұл
Жер астына түсіп кеткен автобустағы құтқарушы мен жүргізушінің өлі тірісі әлі белгісіз.
Фото: Massaget.kz / Е.Базарқұл
Кеше, 21 қаңтарда табылмай жатқан құтқарушының әйелі Нұрсұлу Шаймерден ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтан көмек сұрап видео үндеу жолдады.
Е.Базарқұл
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Massaget.kz