Алматы полициясы заңсыз әрекеттерге пайдаланылуы мүмкін пәтерлерді тексеріп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жедел ақпарат негізінде Алмалы ауданында бір тәулікте үш мекенжай тексерілген. Пәтерлерден интим қызмет көрсетті деген күдікке ілінген әйелдер анықталған.
Полицияның айтуынша, олар өз қызметін түрлі интернет ресурста "боди массаж" деген атаумен жарнамалаған.
"Барлығы аудандық полиция басқармасына жеткізілді. Олармен профилактикалық әңгіме жүргізіліп, белгіленген тәртіппен профилактикалық есепке қойылды. Тексеріс барысында пәтер иелері де әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұдан бөлек, материалдар Алмалы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасына жолданды. Мамандар пәтер қаншалық заңды тұрғыда жалға берілгенін, салық төленген-төленбегенін тексереді", - деп жазылған хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін де Алматыдағы пәтерлердің бірінен интим қызмет көрсететін орын анықталды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!