Алматыдағы пәтерлердің бірінен интим қызмет көрсететін орын анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл ақпарат 102 арнасына түскен. Оқиға орнына дереу Боран-220 экипажы жіберілген. Жалдамалы пәтерден 20-35 жас аралығындағы төрт әйел анықталған.
"Алдын ала мәлімет бойынша олардың әрқайсы белгілі бір міндет атқарған. Бірі әкімшілік жұмыстарға жауап берсе, екіншісі тапсырыстарды қабылдаған. Қалған екеуі интим қызмет көрсеткен болуы мүмкін. Барлығы Қазақстанның әр өңірінен Алматыға келген. Олар мән-жайды анықтау үшін Алмалы аудандық полиция басқармасына жеткізілді", - деді ПД өкілі.
Тексеріс қорытындысы бойынша тиісті шешім қабылданады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова