Қазақстанда барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары сайлауын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді. Орталық сайлау комиссиясы негізгі күндерді жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
ОСК төрағасының орынбасары Мұхтар Ерманның айтуынша, күнтізбелік жоспар сайлауды ұйымдасқан түрде дайындауға және өткізуге бағытталған.
Құжатқа сәйкес кандидаттарды ұсыну және өз-өзін ұсыну 14 қазанда басталады. Бұл кезең 27 қазан 18:00-ге дейін жалғасады.
Партиялық тізімдер мен кандидаттарды тіркеу 1 қараша 18:00-ге дейін аяқталуға тиіс.
Сайлау алдындағы үгіт-насихат 1 қарашада сағат 18:00-де басталып, 28 қарашада сағат 00:00-де аяқталады. Одан кейін тыныштық күні басталады.
Сайлау күні сайлау учаскелерінде сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін дауыс беру өтеді. Мәслихат депутаттарын сайлау қорытындысы бес күн ішінде белгіленуге тиіс.
Еске салайық, бұған дейін Орталық сайлау комиссиясы барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауы өтетін күнді белгіледі. Сайлау 29 қарашада өтеді.
12 қазанда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Конституциясы 88-бабы 5 тармағына сәйкес премьер-министр Олжас Бектеновпен және Құрылтай төрағасы Айбек Дәдебайменконсультация өткізгеннен кейін "Барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы" жарлыққа қол қойды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!