- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Марқұмның ұлдары аяусыз...
Марқұмның ұлдары аяусыз ұрып тастаған: Талғарда зардап шеккен дәрігерлердің жағдайы айтылды
Талғарда зардап шеккен аурухана қызметкерлерінің жағдайы белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Аурухана мәліметінше, соққыға жығылған реаниматолог есін жиған, бірақ болашақта оған ота қажет болуы мүмкін. Хирургиялық көмек зардап шеккен медбикеге де қажет болатыны айтылды.
"Реаниматологтың көру қабілеті нашар, сол көзі нашар көреді. Көзіне операция қажет болуы мүмкін. Тағы бір медицина қызметкерінің мұрны сынды. Жағдай тұрақталғаннан кейін оған ота жасалады", - деді Талғар ауруханасың травматологы Исламбек Нұрмахашев.
Әзірге реаниматолог пен реанимация медбикесінің жағдайы тұрақты ауыр деп бағаланады.
"Олар қазір травматология бөлімінде", - деді Исламбек Нұрмахашев.
Еске салайық, бұған дейін Талғарда әкесі қайтыс болғанын естіген ер адамдар дәрігерлерді аяусыз ұрып тастағаны хабарланған еді. Кейін Алматы облысының полиция қызметкерлері Талғар ауруханасында дәрігерлерді ұрып-соққан екі күдіктіні ұстады.
Тағы да оқи отырыңыздар: Қандай жағдайларда өтірік айтуға болады?
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова