Марқұм Болат Назарбаевтың қылмысына кім жауап береді?

Марқұм Болат Назарбаевтың қылмысына кім жауап береді?
Фото: saliqaly.kz

Әділет министрі Азамат Есқараевқа экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі, марқұм Болат Назарбаевтың қылмысына кім жауап береді деген сұрақ қойылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мәжілістің жалпы отырысынан соң БАҚ өкілі министрге "Болат Назарбаев қайтыс болғаны белгілі. Бірақ ол жасаған қылмыстарға қатысты көптеген арыз түсіп жатыр. Оның ішінде ауыр қылмыстар да бар. Болат Назарбаевтың қылмысына кім жауап береді?" деген сауал жолданды.

Азамат Есқараев бұл сұраққа жауап бере алмайтынын жеткізді.

"Сіз бұл істер бойынша құқық қорғау органдарына жүгіне аласыз. Әділет министрлігі - азаматтық орган. Бұл сұрақ менің құзыретіме кірмейді", - деді әділет министрі.

Еске салайық, бұған дейін бірнеше БАҚ Болат Назарбаев қайтыс болғанын хабарлаған еді. Артынша Болат Назарбаев қайтыс болғаны расталды.

"Бәріне өзім жеттім". Болат Назарбаев туралы не белгілі?

Айта кетейік, Болат Назарбаев 13 қарашада сағат 09.51-де ұзаққа созылған сырқаттан қайтыс болды.  

Аяз Есен

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Massaget.kz