Маңғыстаудағы трагедия: тергеу барысы ерекше бақылауға алынды

Маңғыстау облысында оқу-жаттығу кезінде 9 әскери қызметші қаза тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бас прокуратура мәліметінше, Ақтау гарнизонында оқу-жаттығу барысында әскери қызметшілер қаза табуына байланысты қылмыстық іс тергеліп жатыр.

"Жедел тергеу тобы құрылды. Оқиға орнында Ішкі істер министрлігінің, Төтенше жағдайлар министрлігінің және прокуратура органдарының қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық анықтауға бағытталған тергеу жүргізіледі. Сот сараптамалары тағайындалды. Тергеу барысы ерекше бақылауға алынды", - деп жазылған хабарламада.

Еске салайық, 24 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Әскери-теңіз күштерінің оқу-жаттығуы кезінде Каспий теңізі жағалауында оқу-жауынгерлік міндеттерді орындау барысында ауа райы күрт нашарлауы және жел күшеюіне байланысты әскери қызметшілер суға кеткен.

Алдын ала мәлімет бойынша 19 әскери қызметші суға кеткен. Оның 9-ы қайтыс болды. Үш әскери қызметші құтқарылды, олардың біреуі ауруханаға жатқызылды. Қалғандарын іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!