Мамандандырылған ХҚКО-лар 7-8 шілде күндері жұмыс істемейді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
7 және 8 шілдеде ҚР ІІМ ҚАӨ ақпараттық жүйелерінде көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу және жүргізуші куәліктерін беру бойынша техникалық жұмыстарды жүргізуге байланысты кезекші мамандандырылған ХҚКО-лардың жұмысы тоқтатыла тұратыны хабарланды. Бұл ретте кезекші ХҚКО-лар бұл күндері клиенттерді қабылдайтын болады.
Айта кетейік, дүйсенбі, 10 шілдеде мамандандырылған ХҚКО-лар штаттық режимде сағат 9:00-дан 18:00-ге дейін, кезекшілер 9:00-дан 20:00-ге дейін жұмыс істейді.
Еске салайық, Астана күнінде 4 күн демалыс болады.
Бес күндік жұмыс аптасы үшін 6, 7, 8 және 9 шілдеде демалады. Демалыс күні 1 шілдедегі сенбіден 7 шілдеге, яғни жұмаға ауыстырылды, ал 1 шілде – жұмыс күні.
Жалпы, шілде айында қазақстандықтар 11 күн демалады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!