Қазақстандықтар шілдеде қанша күн демалады?

Қазақстандықтар шілдеде қанша күн демалады?
Фото: Александр Куприенко

Қазақстандықтар шілдеде қанша күн демалатыны белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Алматы" телеарнасына сілтеме жасап. 

Астана күнінде 4 күн демалыс болады.

Бес күндік жұмыс аптасы үшін 6, 7, 8 және 9 шілдеде демалады. Демалыс күні 1 шілдедегі сенбіден 7 шілдеге, яғни жұмаға ауыстырылды, ал 1 шілде – жұмыс күні.

Жалпы, шілде айында қазақстандықтар 11 күн демалады.

–  2 шілде – демалыс күні; 

– 6,7,8 және 9 шілде – мереке; 

– 15-16 шілде – демалыс күндері; 

–  22-23 шілде – демалыс күндері; 

–  29 -30 шілде – демалыс күндері.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина