"Мақтануға тұрарлық". 35 келіге арықтаған алматылық қыздың оқиғасы

33 жастағы Нарғыздың видеосы TikTok-та шамамен 200 мың қаралым жинады. Нарғыз бір жыл ішінде 35 келі салмақтан арылған. Алматылық қызбен Tengri Life сөйлесті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Нарғыздың айтуынша, ешқандай құпия немесе сиқырлы таблеткалар жоқ.

"Бұл мен үшін арықтаудағы алғашқы тәжірибе емес. Үш жүктілікте де мен 18, 25, 35 келіге арықтадым. Қай кезде қиын болғанын айта алмаймын. Маған психологиялық тұрғыда өз денемді қабылдау және жақсы көру қиынға соқты. Ал процестің өзі маған рақат сыйлайды: мен осы өмір салтын жақсы көремін, маған дұрыс әрі дәмді тамақтанған ұнайды. Мен өз ағзамды күтемін, өзім үшін ең жақсыны таңдаймын және одан азға келіспеймін", - дейді ол.

"Мақтануға тұрарлық", - деп жазған жас ана өз видеосына.

@selin_aesthetics Есть чем гордиться ? Insta : selin_aesthetic все наличие там ? #свечиручнойработы #свечиалматы #украшенияручнойработы #бижутерияалматы #похудениедоипосле #рекомендациитикток ♬ оригинальный звук - ??ℝ???ℍ??????ℤℍ?ℕ

Видеоға 130-дан аса пікір жазылған. Әлеуметтік желі қолданушыларының барлығы бірдей жас анаға қошемет сөздер қалдырған.

Нарғыздың максималды салмағы 94 келі болады. Қазір оның салмағы - шамамен 60 келі. Алайда оның айтуынша, ол өзін үлкен де, стандартты да салмақта қабылдап үйренген.

"Күйеуім менің сырт келбетіме қатысты жаман нәрсе ешқашан айтып көрген емес. Туыстарым да мені әрдайым қолдайтын. Қазір мен өзімде бар нәрсенің бәрін жақсы көремін: қыртыстар, созылулар және босанғаннан кейінгі созылып кеткен тері. Арықтаудың "құпиясы" қарапайым: спорт, дұрыс тамақтану және кез келген салмақта өзіңе деген жақсы қарым-қатынас. Мен әркім өзінің ішкі психологиялық жағдайымен жұмыс істеу керек деп ойлаймын. Себебі өзіңнің майыңды және артық салмағыңды жақсы көрмейінше, ол қиналу, шектеулер және бұзылыстар арқылы кетеді", - дейді Нарғыз.

Жас ана жылдам нәтижені күтпеуге, өз мақсатыңызға, яғни артық салмақтан арылуға біртіндеп жылжуға кеңес берді.

"Сізге тамақтанудың қандай бағдарламасы келетінін мұқият зерттеген дұрыс. Анализдер тапсырып, салмақ жинаудың басқа себептері бар-жоғын анықтау керек. Сондай-ақ, әрине, алкогольден бас тарту керек және өміріңізге спорт пен жаттығуларды қосыңыз. Егер өздігінше айналысу қолыңыздан келмесе, тәртіп жетіспесе, мамандар көмегіне жүгіну қажет", - дейді ол.

Тағы бір пайдалы кеңес - дофаминнің жаңа көзін табу.

"Өзіңізге дофаминнің жаңа көзін табыңыз. Тамақ - ол ағза үшін жай ғана отын. Билеңіз, ән айтыңыз, тауға шығыңыз, өзіңіз жақсы көретін нәрсемен айналысыңыз. Өзіңіз үшін жауапкершілік алып үйреніңіз. Керемет диета болмайды, сізді ешкім келіп құтқармайды. Тәртіп, еңбек және өзіңізге деген махаббат нәтижеге алып келеді", - дейді Нарғыз.

Оның айтуынша, спорт пен дұрыс тамақтану тек сыртқы өзгеріске әкеліп қана қоймай оның денсаулығын жақсартқан.

"Гипотиреоз, анемия, арқаның және белдің ауыруы кетті, энергия көбейе бастады. Артық салмақ - қазіргі заманның өзекті проблемасы. Сол үшін де бұл ролик тарап кетті. Мен қиялдауға бейім емеспін, әдетте бұл мақсаттар мен оның жетуіне деген пункттер. Сондықтан мотивация іздеудің қажеті жоқ деп ойлаймын. Тек бастау керек", - деді Нарғыз.

Нарғыз болашақта "жылдам арықтау бойынша курстар" сату жоспарында жоқ екенін айтты.

"Қазір мен бар зейінімді ана болуға  және ісімді - өз қолымнан жасалатын әшекейлер брендін дамытуға арнап жатырмын", - деп қорытындылады Нарғыз.

Тез арықтау үшін тоңазытқышта болуы керек 5 өнім