Танымал әнші Мақпал Исабекова күйеуінің ұлтын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ол бұл туралы Instagram Stories-інде бөлісті. Өнер иесі Instagram-парақшасында "сұрақ-жауап" айдарын жасап, оқырмандарының бірнеше сұрағына жауап берді.
Мақпал Исабекова оқырманның "Күйеуіңіздің ұлты кім" деген сұраққа "Еврей" деп жауап берді.
Сондай-ақ, әнші "Балаңыздың дінге деген көзқарасын қалыптастырасыз ба" деген сұраққа "Жоқ" деп жауап берген.
Еске салайық, бұған дейін Мақпал Исабекова баласының ұлтын айтқан еді.
Айта кетейік, Мақпал Исабекова - қазақ эстрадасының әншісі. Ол 2003 жылы "SuperStar KZ" жобасына қатысып, финалисі болды. Оның "Туған жер", "Аяла", "Мен жайлы" әндері бар.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!