Мақпал Исабекова баласының ұлтын айтты

Мақпал Исабекова баласының ұлтын айтты
Фото: makosyai Instagram-парақшасынан

Әнші Мақпал Исабекова баласының бойында 6 ұлттың қаны барын айтты. Ол бұл туралы Instagram-парақшасында жазды, - деп хабарлайды Massaget.kz

Оқырмандарының бірі әншіден жарының ұлты қандай екенін сұраған.

"Ұлымыздың бойында 6 ұлттың қаны бар, екеуі менен берілген. Сәйкесінше төртеуі күйеуімнен. Бұл маңызды ма?" - деп жауап берген Мақпал Исабекова.

Еске салайық, бұған дейін танымал әнші Мақпал Исабекова ана атанғаны хабарланған болатын. Қуанышты жаңалықты әншінің өзі Instagram-да жазған еді.

Кейінірек ол баласына ерекше есім қойғанын айтты. Әнші мен жұбайының таңдауы "Теодор" деген есімге түскен. Кейінірек ол балалы болғаннан кейінгі жағдайын айтқан болатын.

Ж. Қадыржанова