Мақпал Исабекова күйеуінің ұлтын айтты

Мақпал Исабекова күйеуінің ұлтын айтты
Фото: makosyai Instagram-парақшасынан

Танымал әнші Мақпал Исабекова күйеуінің ұлтын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ол бұл туралы Instagram Stories-інде бөлісті. Өнер иесі Instagram-парақшасында "сұрақ-жауап" айдарын жасап, оқырмандарының бірнеше сұрағына жауап берді. 

Мақпал Исабекова оқырманның "Күйеуіңіздің ұлты кім" деген сұраққа "Еврей" деп жауап берді. 

Сондай-ақ, әнші "Балаңыздың дінге деген көзқарасын қалыптастырасыз ба" деген сұраққа  "Жоқ" деп жауап берген. 

Еске салайық, бұған дейін Мақпал Исабекова баласының ұлтын айтқан еді.

Айта кетейік, Мақпал Исабекова - қазақ эстрадасының әншісі. Ол 2003 жылы "SuperStar KZ" жобасына қатысып, финалисі болды. Оның "Туған жер", "Аяла", "Мен жайлы" әндері бар.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек