- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Мақпал Исабекова алғаш...
Мақпал Исабекова алғаш рет ұлын көрсетті
Әнші Мақпал Исабекова алғаш рет ұлын көрсетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Танысып қойыңыздар, бұл - Теодор", - деп жазды әнші Instagram-дағы парақшасында.
Желі қолданушылары "Тәп-тәтті ботақан", "Тео десе, Тео екен, болашағы жарқын, бақытты балапан болсын", "Мамаңа ұқсайды, көз тимесін", "Қандай тәтті, аты өзіне жарысып тұр" деп пікір жазған.
Еске салайық, 2022 жылғы маусымда Мақпал Исабекова ұлды болғанын хабарлаған едік.
Ол ұлына Теодор дейтін есім бергенін айтты. Оның сөзінше, бұл есім латын тілінен қазақшаға аударғанда "Құдайдың сыйы", "Құдайдың хабаршысы" дегенді білдіреді екен.
Одан кейін Мақпал Исабекова күйеуінің ұлты еврей екенін, ал баласында алты ұлттың қаны бар екенін айтты.
Мақпал Исабекова - Қазақстан эстрадасының әншісі. Ол 2003 жылы SuperStar KZ жобасына қатысып, финалисі болды. Оның көпшілікке белгілі "Туған жер", "Аяла", "Мен жайлы" дейтін әндері бар.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан