Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Қазақстан Республикасы Парламент палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағы 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысы 2026 жылғы 20 наурызда сағат 10.00-де Астана қаласында шақырылсын", - деп жазылған өкім мәтінінде.
Еске салайық, бұған дейін Үкіметте Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтетіні жарияланды. 20 наурызда палаталардың бірлескен отырысында "Алатау қаласының арнайы мәртебесі туралы" Конституциялық заң жобасы бірінші оқылымда қаралады.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!